
1964 жылы №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы өз есігін ашты.
Осы жылдар ішінде балабақшаның педагогикалық құрамы
тәрбиеленушілерді сапалы біліммен қамтамасыз етуге
тырысты. Балабақша жұмысының ұзақ жылдарында педагогтар
өздерінің жеке және кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп,
балаларды тәрбиелеп келді.
Балабақшаның күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасау, жеке тұлғаның негізгі мәдениетін қалыптастыру, жасына және жеке ерекшеліктеріне сәйкес баланың психикалық және физикалық қасиеттерін жан-жақты дамытуға, баланы қазіргі заманғы қоғамда өмірге дайындауға қолайлы жағдай жасау балабақша ұсына алатын ең маңызды мақсаты болып табылады.
Біз өз жұмысымызда жаңа әдістер мен бағдарламаларды қолданамыз, оларды енгізу балалалардың интеллектуалды, адамгершілік, эстетикалық, физикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда балабақшамыз біздің балаларымыздың толыққанды білім алуына, оқытуына, дамуы мен денсаулығына қажетті барлық құралдармен жабдықталған.
№ 28 «Жұлдыз» балабақшасының педагогикалық құрамының негізгі міндеті отбасымен ынтымақтастықта болу, ата-аналар мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы кері байланыс орнату. Ата-аналарымызды мектепке дейінгі тәрбиенің, оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген бағдарламасымен, балабақшамыздың жетістіктерімен, жеңістері мен марапаттарымен таныстырғымыз келеді.